КТК: Қазақстан жаңалықтары 11.05.2022

Ингосстрах [CPS] RU РЕСО Страхование [CPS] RU Дебетовая карта Home Credit [CPS] RU
0 Просмотры
Издатель
Жүргізуші: Асыл Махметов (Instagram: @asyl_mahmetov)

АТЫС СЕБЕБІ АЙТЫЛДЫ
Қырғынды қылмыстық топтар салған! Қызылордада тапа-тал түсте атысқандар ұсталды. Бірнеше адамға іздеу жарияланған.

БАНКРОТТЫҚ ҚҰТҚАРА МА?
Теңгені тез беріп, тұрғындарды әбден титықтатқан! Мәжілісмендер бүгін онлайн несиені тоқтатуды талап етті. Өйткені, елде бір жарым миллион адам осындай қарызын жаба алмай сандалып жүр.

ЖЫРЫ БІТПЕГЕН ЖОЛАЙРЫҚ
Алтынға бергісіз айналма жол! Алматының атышулы «Алтын орда» базарының маңындағы жолайрықты толық аяқтау үшін тағы миллиардтар қажет. Мердігер мемлекетке алақан жайып отыр.

СЕБЕБІ БЕЛГІСІЗ
Ақмола облысында мал қырылып жатыр! Ірі-қара арам қатырған аурудың себебі табылмаса да, ауыл карантинге әлі жабылмаған.

КӨРШІНІҢ КӨЗСІЗ ЕРЛІГІ
Елордада кішкентай қызды көрші жігіт өлімнен аман алып қалды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала 8-ші қабаттағы үйінің терезесінен құлап кете жаздаған.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары
Категория
Новости
Комментариев нет.